HUAWEI AR Measure пайдаланушы келісімі
Соңғы рет жаңартылды: 22 қыркүйек, 2021
1 Біз туралы
Келесі шарттар Huawei Device Co., Ltd. (бұдан әрі «Huawei» деп аталады) компаниясы мен сіздің араңызда құқықтық міндеттеуші келісімді құрайды. Осы Келісімнің шарттарын толықтай түсіну үшін осы HUAWEI AR Measure пайдаланушы келісімін және Қызметтерге қатысты тағы басқа саясаттарды (бәрі бірге «Келісім» деп аталады) мұқият оқып шығыңыз. Бұл Келісім HUAWEI AR Measure қызметтерін (бұдан әрі «Қызметтер» деп аталады) пайдалануыңызға қатысты сіздің заңды міндеттемелеріңіз бен құқықтарыңызды бекітеді. Осы Келісімде «сіз» сөзі Қызметтерді пайдаланатын және оларға қатынасатын кез келген жеке тұлғаны білдіреді. Осы Келісімге келісу үшін КЕЛІСУ таңдауын түрту және осы қолданбаға кіру арқылы сіз осы Келісімнің барлық шарттарын толық оқып шыққаныңызды және оларды қабылдағаныңызды білдіресіз. Егер сіз осы Келісімнің қандай да бір мазмұнына келіспесеңіз, Қызметтерді пайдалануды дереу тоқтатуға құқылысыз.
2 Қызметтерді пайдалану бойынша талаптар
Егер сіз кәмелеттік жасына толмаған болсаңыз, Қызметтерді пайдалану туралы шешім қабылдамас бұрын осы Келісімнің мазмұнын анық түсініп алу үшін бұл Келісімді ата-анаңызбен немесе заңды қамқоршыңызбен бірге оқып шығуыңыз керек. Ата-анаңыздың не заңды қамқоршыңыздың келісімін алмастан Қызметтерді пайдаланбаңыз. Оған қоса, біз ата-аналарға немесе заңды қамқоршыларға өз баласының Интернетті, телефондарды және тағы басқа құрылғыларды пайдалануын қисынды шамада бақылауға және оларға нұсқау беруге кеңес береміз.
3 Қызметтерге қатынасу
Біз сізге осы Келісімге сай Қызметтерге қатынасу және оларды пайдалану үшін шектеулі, эксклюзивті емес, өзге тұлғаға тапсыруға болмайтын, сублицензиялауға болмайтын және қайтарып алуға болатын лицензияны береміз.
4 Қызметтердің мазмұны
Қызметтер сізге негізінен төмендегідей мүмкіндіктерді қамтитын HUAWEI AR Measure қызметтерін қамтамасыз етеді:
(1) Нысанды өлшеу
Нысанды өлшеу мүмкіндігін пайдалану үшін Нысандар опциясын таңдап, қандай да бір нысанның ұзындығын, аймағын және көлемін өлшеу үшін нұсқалған операцияларды орындауыңыз керек.
(2) Адам ағзасын өлшеу
Адам ағзасын өлшеу мүмкіндігін пайдалану үшін Адамдар опциясын таңдап, бойды, жүрек соғу жиілігін және тыныс алу жиілігін өлшеу үшін (тек белгілі бір құрылғы үлгілерінде қолжетімді) нұсқалған операцияларды орындауыңыз керек.
5 Пайдалану шарттары
Сіз Қызметтерді тиісінше пайдалануға келісесіз, осы келісімді қабылдайсыз және қолданыстағы күші бар заңдар мен регламенттерді сақтайсыз. Қызметтерге қатынасу және оларды пайдалану арқылы сіз мұны заңды және этикалық түрде әрі осы Келісімге сай істеуге кепілдік бересіз және келісесіз. Қызметтерді төменде аталған материалды тасымалдау немесе төменде аталған әрекетке қатысу үшін пайдаланбайсыз:
(а) Қолданыстағы заңдарда, регламенттерде және саясаттарда тыйым салынған мазмұнды жүктеп салу, жүктеп алу, сақтау, көшірмелеу, жариялау, тасымалдау, электрондық пошта арқылы жіберу немесе өзгеше түрде қамтамасыз ету;
(ә) Конституцияның негізгі қағидаттарын бұзатын;
(б) Ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін, мемлекеттік құпияларды жария ететін, мемлекеттік билікті бұзатын немесе ұлттық бірлікке нұқсан келтіретін;
(в) Ұлттық намыс пен мүдделерге нұқсан келтіретін;
(г) Этникалық араздықты немесе кемсітуді қоздыратын немесе этникалық ынтымақтастықты бұзатын;
(ғ) Елдің діни саясатын бұзатын немесе зұлымдық культтарын не феодалдық және ырымшыл идеологияларды насихаттайтын;
(д) Өсек тарататын, қоғамдық тәртіпті бұзатын немесе әлеуметтік тұрақтылыққа зиян келтіретін;
(е) Әдепсіздікті, порнографияны, құмар ойындарын, зорлық-зомбылықты, кісі өлтіруді, лаңкестікті қамтитын немесе қылмыс жасауға азғыртатын мазмұнды тарататын немесе сипаттайтын;
(ё) Басқа адамдарды қорлайтын, беделін түсіретін немесе олардың заңды құқықтары мен мүдделерін бұзатын;
(ж) Қоғамдық әдепке немесе ұлттық мәдени дәстүрлердің үстемділігін төмендететін;
(з) Қандай да бір үшінші тұлғаның патенттік құқықтарын, авторлық құқықтарын, сауда белгісі бойынша құқықтарын, беделі бойынша құқықтарын немесе тағы басқа заңды құқықтары мен мүдделерін бұзатын; немесе
(и) Өзге түрде заңдармен немесе әкімшілік ережелермен тыйым салынған.
Сіз осымен келесілерге кепілдік бересіз және міндеттенесіз:
(а) Қызметтерді қайта өндірмеу, оларға толықтай немесе ішінара өзгерістер енгізбеу, Қызметтердің не олардың қандай да бір бөлігінің қандай да бір бағдарламамен бірігуіне немесе оған ендірілуіне жол бермеу;
(ә) Қызметтердің немесе оларға қатысты жүйелердің не желілердің ешбіріне рұқсатсыз қатынас алмау немесе рұқсатсыз қатынас алуға, я болмаса зиян тигізуге әрекеттенбеу;
(б) Қолданыстағы заңдар тыйым сала алмаған жағдайды қоспағанда, Қызметтерді бөлшектемеу, декомпиляцияламау, кері инжинирингін жасамау немесе барлығына не қандай да бір бөлігіне негізделе отырып туынды жұмыстар жасамау, я болмаса қандай да бір осындай нәрсені істеуге талпынбау;
(в) Қызметтерді таратпау, лицензияламау, лизингке бермеу, сатпау, қайта сатпау, тапсырмау, көпшілікке көрсетпеу, көпшілікте орындамау, тасымалдамау, ағындатпау, трансляцияламау немесе басқалай пайдаланбау;
(г) Алдын ала біздің келісімімізді алмастан Қызметтерді тұтастай немесе ішінара (оның ішінде нысан кодын және бастапқы кодты) ешбір түрде ешбір тұлғаға қамтамасыз етпеу немесе өзге жолдармен қолжетімді етпеу;
(ғ) Өзіңізді басқа тұлға ретінде танытпауға немесе физикалық не заңды тұлғаға қатыстылығыңызды жалған мәлімдемеуге не өзге жолдармен бұрмаламауға;
(д) Қызметтерді (немесе олардың ешбір бөлігін) заңсыз жолдармен, заңсыз мақсат үшін немесе осы Келісімге сәйкес келмейтін ешбір түрде пайдаланбау, я болмаса, алаяқтық немесе зиянкестік әрекеттерді жасамау, оның ішінде, бірақ мұнымен шектелмей, Қызметтерді (немесе Қызметтерге сілтенген веб-сайттарды) немесе қандай да бір операциялық жүйені хакерлік жолмен бұзбау немесе оларға зиянкес кодты, оның ішінде вирустарды немесе зиянды деректерді енгізбеу;
(е) Қызметтерге қатынасуыңызға және/немесе оларды пайдалануыңызға қатысты Huawei-дің зияткерлік меншік құқықтарын немесе қандай да бір үшінші тараптың зияткерлік меншік құқықтарын бұзбау;
(ё) Пайдаланушылардың ақпаратын жинамау немесе автоматтандырылған құралдардың көмегімен Қызметтерге немесе біздің жүйелерімізге басқаша қатынаспау немесе Қызметтер жұмыс істеп тұрған серверлерге не серверлерден жасалатын ешбір жіберілімнің шифрін шешуге талпынбау;
(ж) Қызметтерден алынған ақпаратты тазарту үшін бағдарламалық құралды, құрылғыларды, сценарийлерді жетілдірмеуге немесе кез келген өзге әдістермен немесе рәсімдермен (оның ішінде, іздеу модулі, браузер плагиндері және қондырмалары немесе кез келген өзге технологиямен не қолмен орындалатын жұмыс арқылы) Қызметтерден профильдерді не өзге деректерді көшірмеуге;
(з) Бізден алдын ала жазбаша келісім алмастан Қызметтерді коммерциялық мақсатта пайдаланбау;
(и) Қызметтерді атыс қаруларын, есірткілерді, заңсыз заттарды, пираттық бағдарламалық жасақтамаларды немесе басқа да тыйым салынған заттарды сату сияқты заңсыз іскери әрекеттерге қатысу үшін пайдаланбау;
(й) Құмар ойындар туралы ақпарат бермеу немесе басқа адамдарды қандай да бір әдіспен құмар ойындар ойнауға ынталандырмау;
(к) Жүйеге кіру ақпаратын сұрамау немесе басқа біреудің тіркелгісіне қатынаспау;
(қ) Қызметтерді пайдалану арқылы ақша ізін жасыруға, заңсыз қолма-қол алғытөлемдерге немесе пирамидалық сату схемаларына қатыспау;
(л) Осы Келісімді (немесе оның қандай да бір бөліктерін) бұзуға әрекеттенбеу, септеспеу немесе ынталандырмау; және
(м) Қызметтерді, біздің жүйелерімізді немесе қауіпсіздігімізді зақымдауы, өшіруі, тым жүктеп жіберуі, бүлдіруі немесе жасырын ақпаратын ашуы мүмкін болған жолмен Қызметтерді пайдаланбау немесе өзге пайдаланушылардың не өзге тараптардың компьютерлік жүйелеріне кедергі жасамау немесе оларды хакерлік жолмен бұзбау немесе Қызметтерге не Huawei мазмұнына (төменде анықталған) не деректерге рұқсатсыз қатынас алмау.
6 Huawei мазмұны
Huawei және/немесе оның жоғарғы деңгейдегі лицензиарлары Қызметтерде немесе солар арқылы қолжетімді етілген ақпарат (кез келген түрдегі, соның ішінде, бірақ олармен шектелмей, мәтін, бейне және аудио), кескіндер, белгішелер, қолданбалар, дизайндар, бағдарламалық жасақтамалар, сценарийлер, бағдарламалар, авторлық құқықтар, сауда белгілері, сауда атаулары, логотиптер және басқа материалдар мен қызметтер, соның ішінде сыртқы көрінісі мен функциялары (бәрі бірге «Huawei мазмұны» деп аталады) бойынша барлық құқықтарды және мүліктік құқықтарды сақтайды. Осы Келісімде басқаша көрсетілмесе, Қызметтердің қандай да біріне қатынасу және/немесе оларды пайдалану сізге немесе қандай да бір басқа тұлғаға Қызметтер немесе олардың мазмұнына қатысты ешбір меншік құқығын немесе басқа құқықтарды бермейді.
Huawei мазмұнына ешбір өзгеріс, көшірме, үзінді немесе толықтыру енгізуіңізге немесе оны сатуыңызға, көшіруіңізге, таратуыңызға, лицензиялауыңызға немесе Huawei мазмұнын теріс қолдануыңызға болмайды. Huawei мазмұнының қандай да бірін қайта жариялағыңыз, үзіндісін жасағыңыз, көшірмесін жасағыңыз, таратқыңыз немесе басқалай пайдаланғыңыз келсе, осы Келісімде ашық түрде басқалай көрсетілмеген жағдайда Huawei-мен алдын ала байланысып, алдын-ала Huawei-дің жазбаша келісімін алуыңыз керек. Бұл сізде қолданыстағы міндетті заңдар бойынша болатын ешбір құқықты шектемейді.
Егер Қызметтер немесе олардың қандай да бір бөлігі қандай да бір авторлық құқықты, сауда белгісін, патентті, сауда құпиясын немесе өзге зияткерлік меншік құқығын бұзуда деп ойласаңыз немесе егер Қызметтерге қатысты өзге мәселелеріңіз болса, «Бізбен байланысу» бөлімінде қамтамасыз етілген байланыс ақпаратының көмегімен бізге хабарлаңыз.
7 Сіздің Мазмұныңыз
Пайдаланушы мазмұны дегеніміз графика, мәтін, кескін, дыбыс, бейне, бағдарламалық жасақтама және деректер файлдары сияқты Қызметтерді пайдалану арқылы пайдаланушы қалыптастырған ақпаратты, мазмұнды және материалдарды білдіреді. Сіздің тарапыңыздан немесе сіздің тіркелгіңіздің атынан жүктеп салынған, жүктеп алынған, шығарылған, электрондық поштамен жіберілген, тасымалданған немесе сақталған пайдаланушы мазмұнына сіз өзіңіз толықтай жауапты боласыз. Huawei пайдаланушы мазмұнын бақыламайтындықтан немесе оған қатынаспайтындықтан, Huawei пайдаланушы мазмұнының нақтылығына, тұтастығына немесе орындылығына кепілдік бермейді. Сіз Қызметтердің басқа пайдаланушыларының пайдаланушы мазмұнын қолданған жағдайда, одан туындайтын тәуекелдерді өз мойныңызға алатыныңызға келісесіз. Huawei сіз дөрекі, қорлаушы, әдепсіз немесе орынсыз деп санайтын қандай да бір пайдаланушы мазмұны үшін жауапкершілік алмайды.
8 Қызметтерді бақылау
Қолданыстағы заңдар мен ережелерге сәйкес кез келген уақытта өз білгенімізше және сізді ескертусіз Қызметтерді басқару және жақсарту мақсаттарында (соның ішінде, бірақ бұлармен шектелмей, алаяқтықтың алдын алу, тәуекелді бағалау, тергеу және тұтынушыларға қолдау көрсету мақсаттарында), сіздің осы Келісімді, қолданыстағы заңдарды, қандай да бір соттың, әкімшілік органның немесе басқа мемлекеттік органның бұйрықтарын немесе нұсқауларын, ұйғарымын орындауыңызды қамтамасыз ету үшін осындай шараларды қабылдай алатынымызды растайсыз. Біз кез келген уақытта Мазмұныңыздың дұрыс екенін және осы Келісімнің талаптарына сай екенін анықтау құқығын сақтаймыз әрі Мазмұныңыздың осы Келісімді бұзатыны немесе қоғамдық ережелер мен әлеуметтік әдет-ғұрыптарды бұзуда екені анықталса, Мазмұныңызды кез келген уақытта, алдын ала ескертусіз және тек өзіміздің шешімімізбен алдын ала тексеруіміз, жылжытуымыз, одан бас тартуымыз, оны өзгертуіміз және/немесе жоюымыз мүмкін.
9 Құпиялық және деректерді жинау
Сізге қызметтерді жақсырақ жеткізу үшін Huawei сіздің жеке деректеріңізді қолданыстағы заңдар мен регламенттерге сәйкес сіздің ақпараттандырылған келісіміңізбен жинайды және өңдейді.
10 Жауапкершіліктен бас тарту туралы мәлімдеме
Қызметтер тек сіздің пайдалануыңызға арналған және оларды ешбір үшінші тарап пайдаланбауы керек. Сіз Huawei мен оның еншілес компанияларының, лауазымды тұлғаларының, директорларының, қызметкерлерінің, мердігерлерінің, агенттерінің, үшінші тараптық төлем қызметі жеткізушілерінің, серіктестерінің, лицензиарларының және дистрибьюторларының (бәрі бірге «Huawei тараптары» деп аталады) Қызметтерді рұқсат етілмеген түрде пайдалану себебінен туындайтын шығындардың ешбіріне жауапты болмайтынына келісесіз.
Қызметтерді пайдалануыңыз біздің бақылауымыздан тыс себептермен белгісіз уақытқа үзілуі немесе кешіктірілуі мүмкін. Сіз Huawei тараптарының осындай үзілуден, кешігуден, кідіруден немесе осыған ұқсас ақаулықтардан туындайтын ешбір шағымға жауапты болмайтынына келісесіз.
Келесі себептерден сіз немесе басқа біреу Қызметтерге қатынаса алмасаңыз немесе оларды пайдалана алмасаңыз, орын алған барлық шығындар үшін Huawei тараптары сіздің алдыңызда немесе кез келген басқа тұлғаның алдында қолданыстағы заңдармен барынша рұқсат етілетін шамада жауапты болмайды:
(а) Техникалық қызмет көрсету немесе жүйелерді, бағдарламалық құралды не жабдықты жаңарту жұмысын орындау үшін Қызметтердің Huawei тарапынан уақытша немесе біржола тоқтатылуы;
(ә) Huawei-ден басқа тұлғалардың меншігі болып табылатын немесе басқа тұлғалардың бақылауындағы байланыстың кешігуі немесе жүйенің не желінің ақаулануы;
(б) Huawei және үшінші тараптық төлем қызметінің жеткізушілері арасындағы қандай да бір келісімшарттың не басқа келісімдердің кідіртілуі, тоқтатылуы немесе жойылуы;
(в) Хакерлік бұзу талпыныстары немесе қауіпсіздіктің ұқсас түрде бұзылуы себебінен орын алған қателер немесе үзілістер; немесе
(г) Huawei-дің қисынды бақылауынан тыс кез келген басқа іс-шара немесе оқиға.
Қызметтер ешбір мәлімдемесіз немесе қолдаушылықсыз «сол күйінде» және «қолжетімді шамада» қамтамасыз етіледі. Заңдармен барынша рұқсат етілетін шамада Huawei тараптары келесілер бойынша барлық тікелей не тұспалды кепілдіктерден және өзге шарттардан бас тартады және ешбір кепілдікті, міндеттемені және мәлімдемені өз мойнына алмайды:
(а) Қызметтерде немесе олар арқылы қолжетімді етілген қандай да бір мазмұнның толықтығы, дәлдігі, сенімділігі немесе уақыттылылығы;
(ә) Қызметтерде немесе олар орналасқан сервер(лер)де ақаулықтардың, қателердің, вирустардың немесе өзге зиянды элементтердің болмауы;
(б) Қызметтердің жұмысындағы немесе функцияларындағы ақаулықтардың түзетілетіні;
(в) Қызметтердің белгілі бір функцияларына, Қызметтерді пайдалану немесе оларға қатынасу нәтижесінде сіз қол жеткізген қандай да бір ақпараттың сенімділігіне, сапасына немесе дәлдігіне кепілдік берілетініне;
(г) Қызметтердің қауіпсіздігі немесе қатесіз болуы; және
(ғ) Қызметтердің сенімділігі, сапасы, дәлдігі, қолжетімділігі немесе сіздің қажеттіліктеріңізді қанағаттандыру, белгілі бір шешімдерді қамтамасыз ету немесе белгілі бір нәтижелерге жеткізу қабілеті. Huawei тараптары Қызметтерді немесе Қызметтер арқылы алынған ақпаратты (немесе кез келген өзге тұлғаның) пайдалануыңыз, оларға сүйенуіңіз немесе оларды интерпретациялауыңыз себебінен толықтай немесе жартылай сізге келген шығындардың немесе залалдардың ешбіріне жауапты болмайды.
Кейбір елдердің заңдары келісімшарт арқылы кейбір кепілдіктерді немесе міндеттерді қоспауға немесе шектеуге рұқсат етпейді. Егер бұл заңдар сіз үшін қолданылатын болса, жоғарыдағы айрықшалықтардың немесе шектеулердің кейбірі не ешбірі қолданылмауы мүмкін. Бұл Келісімдегі ешнәрсе сіздің тұтынушы ретіндегі құқықтарыңызға әсер етпейді.
11 Залалдарды өтеу
Юрисдикцияңызда қолданылатын заңмен барынша рұқсат етілетін шамада Huawei тараптарын барлық шағымдардан, сот істерінен немесе келесілерден немесе келесілерге қатысты туындайтын іс-шаралардан босатасыз және қандай да бір залалдың келуін болдырмайсыз:
(1) Сіздің Мазмұныңыз;
(2) Қызметтерді пайдалануыңыз;
(3) Осы Келісімді немесе қолданыстағы Соңғы пайдаланушының лицензиялық келісімінің қандай да бір бөлігін бұзуыңыз;
(4) Үшінші тараптың зияткерлік меншік құқығын немесе қандай да бір басқа құқығын бұзуыңыз; немесе
(5) Сіздің HUAWEI ID тіркелгіңізді пайдаланатын кез келген тұлғаның ұқсас әрекеттері немесе бұзушылықтары,
Соның ішінде, жоғарыда аталған жағдайларда туындаған даулар, шағымдар және сот процестері нәтижесінде орын алатын міндеттемелер, залалдар, шығындар, сот шығындары және адвокат төлемдері. Сіз қандай да бір Huawei тұлғасы талап еткен жағдайда, жедел түрде көмек көрсетуге және бірлесе жұмыс істеуге келісесіз және міндеттенесіз.
12 Сіздің тоқтатуыңыз
«Камера» және «Қойма» рұқсаттарын қолданбаның параметрлер экранынан қайтара аласыз. Қолданбаның адам ағзасын өлшеу фунциясын пайдаланған кезде, фунция экранынан рұқсатыңызды қайтарып, қызметтерді пайдалануды тоқтата аласыз.
Тіркелгіңіз тоқтатылғаннан кейін Huawei сіздің тіркелгіңізде сақталған кез келген және барлық материалдарды, файлдарды және сақталған мазмұнды дереу және біржола жоюы мүмкін. Алайда, нақты бір заңды және тәжірибелік факторлар негізінде, Huawei мұндай деректердің сақтық көшірмелерін жоя алмауы мүмкін. Оған қоса, сіз басқа пайдаланушыларға жіберген мазмұн, соның ішінде хабарламалар жойылмауы мүмкін.
Тіркелгіні тоқтату әрекеті тоқтату күніндегі немесе бұрынғы ақыларды төлеу міндеттемесінен босатпайды. Huawei немесе үшінші тараптар сіздің тіркелгіңіз тоқтатылғаннан кейін Қызметтерге қатынаса алмауыңыздың себебінен туындайтын салдарларға жауапты болмайды.
13 Huawei-дің кідіртуі немесе тоқтатуы
Қолданыстағы заңдарға сай, біз ешбір тұлғаның немесе үшінші тараптың алдында жауапкершілік қабылдамай, Қызметтердің кейбір не барлық бөліктеріне қатынасыңызды кез келген уақытта кідіртуге, шектеуге, жоюға немесе тоқтатуға құқылы боламыз. Мұны істеуден бұрын сізді ескертуге тырысамыз. Алайда, келесі жағдайларда алдын ала ескертусіз Қызметтердің қандай да бір бөлігіне немесе барлығына қатынасуыңызды дереу кідіртуіміз, шектеуіміз, жоюымыз немесе тоқтатуымыз мүмкін:
(а) Осы Келісімді, оның ішінде осында қамтылған қандай да бір келісімдерді, саясаттарды немесе нұсқауларды бұзсаңыз немесе Huawei сізді бұзу алдында деп ойласа;
(ә) Егер сіз немесе сіздің атыңыздан әрекет ететін басқа біреу алаяқтық немесе заңсыз жолмен әрекет етсе немесе Huawei-ге жалған не жаңылыстырушы ақпарат берсе;
(б) Жарамды заңды процесс аясында құқық қорғау органының немесе өзге мемлекеттік органдардың сұрауларына жауап ретінде;
(в) Жедел техникалық қызмет көрсету немесе жүйелер мен жабдықтарды жедел жаңарту жағдайында; немесе
(г) Күтілмеген техникалық, қауіпсіздік, іскери немесе сақтық себептерінен.
Осы Келісім мерзімінің аяқталуы немесе оның тоқтатылуы оның мерзімі аяқталғаннан немесе тоқтатылғаннан кейін әрекет ете беретін немесе күшін сақтай беретін Келісім ережелеріне әсер етпейді және аталған құқықтарға немесе міндеттемелерге немесе Келісімнің мерзімінің аяқталуынан не тоқтатылуынан кейін өз күшін сақтай беретін құқықтарға немесе міндеттемелерге ешбір зиян келтірмейді.
Бұл Келісім тоқтатылғаннан кейін тікелей немесе өз сипаты бойынша жарамды болып қала беруге арналған кез келген Келісім ережелері осындай тоқтатудан кейін және осындай тоқтатуға қарамастан қанағаттандырылғанша немесе өз сипаттары бойынша мерзімі аяқталғанға дейін толық күшін сақтай береді.
14 Осы Келісімге өзгертулер енгізу
Huawei Қызметтерді тұрақты түрде жаңартып, өзгертіп және жақсартып тұрады. Huawei функциялар немесе мүмкіндіктер қосуы немесе жоюы, Қызметтерге жаңа шектеулер енгізуі, я болмаса Қызметтерді уақытша не біржола тоқтатуы немесе тоқтатуы мүмкін. Сондай-ақ, Huawei Қызметтерге енгізілетін жаңартулар негізінде кез келген уақытта осы Келісімді модификациялауы мүмкін.
Жаңартылған Келісім жарияланғаннан кейін бастапқы Келісімді алмастырады. Біз қолданба ішінде келісімнің жаңартылуы туралы хабарландыруды уақытылы түрде push әдісімен жіберіп тұрамыз. Егер жаңартылған шарттарды қабылдамасаңыз, Қызметтерді пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Егер Қызметтерге қатынасуды немесе оларды пайдалануды жалғастырсаңыз, бұл жаңартылған Келісімді қабылдағаныңызды білдіреді.
Осы Келісімге енгізіліп, Пайдаланушыларға айтарлықтай қолайсыздық тудыратын немесе Қызметтерге қатынасуын не оларды пайдалануын айтарлықтай шектейтін кез келген өзгеріс туралы қисынды уақыт ішінде сізге хабарлаймыз. Қауіпсіздік, заң немесе регламент талаптарын сақтау үшін Қызметтерге енгізілетін өзгертулерге қатысты біз жоғарыда аталған уақыт аралықтарын сақтай алмауымыз мүмкін және сізге бұл өзгертулер туралы мүмкіндігінше ең қысқа уақытта хабарлаймыз.
15 Реттеуші заңдар және юрисдикция
Осы Келісімнің құрылуы, тұспалдануы және әрекет етуі Қытай Халық Республикасының заңдарымен реттеледі және соларға сәйкес түсініледі. Сіз және Huawei компаниясы бұл Келісімге Қытайдың Гуандун провинциясындағы Шэньчжэньнің Лунган ауданында қол қойылғанымен келісесіздер. Екі тарап арасындағы келісімшарттарды орындаудан туындайтын кез келген дау келіссөздер арқылы шешілуі керек. Келіссөздер сәтсіз болса, тараптардың кез келгені осы Келісімге қол қойылған жерде тиісті құзыреті бар халықтық сотта сот қуынымын бере алады.
16 Жалпы шарттар
Қызметтер немесе үшінші тараптар басқа веб-сайттарға немесе ресурстарға сілтемелерді беруі мүмкін. Сіз біздің мұндай сыртқы веб-сайттардың немесе ресурстардың қолжетімділігіне жауапты емес екенімізді әрі осындай веб-сайттарда немесе ресурстардағы ешбір қолжетімді мазмұнды, жарнаманы, өнімді немесе басқа материалды қолдамайтынымызды және оларға жауапты емес екенімізді растайсыз және осымен келісесіз. Кез келген осындай веб-сайтта немесе ресурстарда қолжетімді болған осындай мазмұнды, тауарларды немесе қызметтерді пайдалануыңыздан туындайтын немесе болжалды түрде пайдаланудан туындаған не пайдалануға қатысты орын алған зақымдардың не шығындардың ешбіріне жауапты болмаймыз.
Бұл Келісімдегі ешнәрсе сіз бен Huawei арасында серіктестік немесе агенттік қарым-қатынастың құрылғанын білдірмейді және тараптардың ешбірі бір-бірінің борыш міндеттемесін немесе шығынын көтеруге немесе бір-бірінің атынан келісімшарт не басқа келісімдерді жасасуға құқылы немесе уәкілетті болмайды.
Huawei осы Келісім аясындағы өзінің міндеттемелерін орындау немесе Қызметтерді жеткізу кезінде Huawei-дің қисынды бақылауынан тыс мәселелер себебінен немесе оларға байланысты орын алатын ешбір ақаулыққа немесе кешігуге жауапты болмайды.
Huawei компаниясының филиалдары және еншілес тұлғалары осы Келісімнің үшінші тараптық бенефициарлары болып табылады. Олар осы Келісімнің тараптары ретінде осы Келісімнің орындалуын қамтамасыз етуге құқылы. Huawei сіздің құқықтарыңыз бен мүдделеріңізге зиян келтірместен, осы Келісім аясындағы Huawei-дің құқықтары мен міндеттерін басқа тұлғаларға тасымалдауға, қосалқы мердігерлерге беруге немесе ауыстыруға құқылы.
Егер осы Келісімнің қандай да бір ережесі құзыретті юрисдикция немесе өзге құзыретті органдар тарапынан жарамсыз, күші жоқ немесе іске асуы мүмкін емес болып танылса, ол осы Келісімнен шығарылған деп есептеледі және осы Келісімнің барлық басқа ережелері толық күші мен жарамдылығын сақтай береді.
17 Бізбен байланысу
Осы Келісімге қатысты қандай да бір сұрағыңыз болса, келесі ақпарат арқылы бізбен байланысыңыз: 950800.